Қарасора бұталары есірткі қылмысымен күрес бөлімінің қызметкерлері тапты.
"Бұталар дронмен жергілікті аумаққа мониторинг жүргізу кезінде анықталды. Жабайы қарасора ошағы жойылды, өсімдіктердің 1200 бұтасы өртенді. Бұл 800 кг-нан астам есірткі", делінген хабарламада.
Полицейлер құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді өсіру үшін Қазақстан Республикасы ҚК 300-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту қарастырылғанын ескертеді.
Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі