Friday 29th of November 2024 06:32:58 PM

Қостанайда есірткі сатумен айналысқан екі студент қыз 10 жылға сотталуы мүмкін

Студенттер төрт ай бойы есірткі сатумен айналысқан.

Қостанайдағы колледждердің бірінде оқыған 19 жастағы екі студент қызға биыл қаңтар айында есірткі сатумен айналысқан деген айып тағылған болатын, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы alau.kz-ке сілтеме жасап.

Анастасия Савостьянова мен Ангелина Антипенко төрт ай бойы есірткі сатумен айналысқан. Олар есірткіні Петропавлден тасымалдаған. Студенттер есірткіні көпқабатты тұрғын үйлердің кіре берісіне және тағы басқа жерлерге тығып, сатқан. Қаңтар айында қыздарды ұстау кезінде ішінде ұнтағы бар 50 орам, ал олардың жалдамалы пәтерінен 192 грамм синтетикалық мефедрон есірткісі табылған.

Оларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша айып тағылды. Ең аз дегенде қос бойжеткен 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін.