Monday 25th of November 2024 10:50:01 PM

Петропавлда құрылысшы топырақтың астында қалып, жұмыс орнында қаза тапты

Петропавлда құрылыста жүрген 35 жастағы ер адам қаза тапты. Оның үстіне топырақ құлап, басып қалған.

Қайғылы оқиға кеше кешқұрым болды. Құрылыста жұмыс істеп жүрген ер адамды абайсызда топырақ басып қалған. Ол жедел жәрдем келгенге дейін оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Қазақпарат-қа сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті осы оқиғаға қатысты түсінік берді.

«14 қыркүйекте Петропавл қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне Партизан-Егемен Қазақстан көшесіндегі траншеяда жұмыс жүргізу кезінде 35 жастағы ер адамды топырақ басып қалғандығы туралы хабарлама түсті. Ол алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру «Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу» қылмыстық бабы бойынша жүргізіледі. Қазіргі уақытта болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», — делінген баспасөз хабарламасында.

Бұған дейін Петропавлда 86 жастағы кейуананы көлік қағып, оның оқиға орнында қаза тапқанын айтқан едік. Көліктің рөлінде 60 жастағы әйел болған. Қария алдын ала болжам бойынша, жолдың рұқсат етілмеген жерінен өтпек болған. Ол автокөліктің алдынан атып шыққанда жүргізуші көлікті тежеп үлгермеген.