5 наурыз күні жолаушы толы автобус Сүйінбай мен Шолохов көшесіндегі көпірдің бетонына соғылып, бес жолаушы зардап шекті. |
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Astana TV арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл оқиғаға қатысты полиция қылмыстық іс қозғады. Зардап шеккендердің төртеуі №4 қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілді. Екі адам амбулаторлық емге жіберіліп, қалған екеуі ауруханаға жатқызылды. Науқастардың жағдайы тұрақты, тиісті ем қабылдап жатыр. Ал қоғамдық көліктің жүргізушісіне операция жасалды.
Нұржан ОМАРҰЛЫ, №4 ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНА БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Жатқызылған науқастар жан-жақты тексерілді. Олардың жағдайы қазіргі таңда бірқалыпты. Олар жабық бас ми жарақатын және сүйектерінің түрлі сынықтарын алған. Бесінші адам Алматы қаласының жедел жәрдем аруханасына жеткізіліп, сол жақта ем алуда.