Маңғыстауға жарты жылда 180 мыңға жуық турист келген. Меймандар еліміздің әр өңірінен, сондай-ақ Ресей, Иран, Жапония, Шығыс Еуропадан көбірек келген. |
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Саланы дамыту мақсатында «Орел и Решка» телешоуы мен беларусьтік Dream and Travel тобының бейнетүсірілімі, журналистердің қатысуымен өткен автошеру, «Esquir Picnic» республикалық отбасылық фестивалі, Japan fit Silk Roads ЮНЕСКО халықаралық конференциясы және Қазақстанда туризмді дамыту жөніндегі халықаралық форум өткен.
Сондай-ақ, аталған бағытта қызмет көрсетуші гидтер мен экскурсоводтарға 10 күндік тренинг ұйымдастырылды. Олар әлемдік деңгейдегі 50-ге жуық гид және экскурсоводпен тәжірибе алмасқан.
«Туризм саласында қызмет көрсету былтырмен салыстырғанда 1,3 есеге ұлғайып, 4,8 миллиард теңгеге жеткен. Ал туризмді дамыту үшін 2027 жылға дейін 100 миллиард теңге инвестиция тартылмақ. Нәтижесінде 700-ден астам жұмыс орнын құру жоспарланған», — деп мәлім етті Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметінен.