Қазақ өнерінің жұлдызы Роза Рымбаеваның келіні Ақерке Бүркітбай елге жаңа образын көрсетіп, сынның астына қалды. |
Көпшілік оның табиғи сұлулығы қазіргі образынан әлдеқайда әдемі екенін айтқан, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
Рымбаеваның келіні жаңа образына қатысты жазба жазудан бас тартқан.
Ол тек желіге өз суретін жүктеп қоюмен шектелген. Десе де, қалың оқырман оның бұл әрекетін жақтырмаған. Олар:
«Әлиден үлкен болып көрініп тұрсыз», «Ерніңіз добалдай болып кеткен», «Табиғи сұлулыңыз бар ғой, қатты боянған жараспайды екен», «Әлидің алғашқы махаббаты деген қызға ұқсап қалыпсыз» деп жазды олар.