Sunday 24th of November 2024 10:38:11 AM

Астана, Алматы және тағы бес қала тұрғындарына ескерту жасалды

Қазақстандық синоптиктер Астана, Алматы және тағы бес қала тұрғындарына маңызды ескерту жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, 3 және 4 наурызда Алматы, Астана, Ақтөбе, Өскемен, Риддер, Қарағанды ​​және Орал қалаларында ауадағы ластаушы заттардың таралуына метеорологиялық жағдайлар ықпал етеді.

Бұл қалаларда ауаның ластану деңгейі жоғары деңгейде болады.

Ластаушы заттарға: күкірт диоксиді, көміртегі тотығы, азот диоксиді, күкіртті сутек жатады. Жоғары концентрацияда бұл заттар улы болуы мүмкін, сондықтан адам ағзасына зиянды.

Қолайсыз ауа райы жағдайлары — ауаның жер қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (жел, тұман, инверсия) жиынтығы.