Елімізде қызылшаға байланысты эпидемиологиялық жағдай күрделі. Сол себепті мектептер карантинге жабылуы мүмкін бе? |
ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Вакцинамен басқарылатын инфекцияларды бақылау басқармасының басшысы Нұршай Әзімбаева жауап берді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы BAQ.kz сайтына сілтеме жасап.
Қызылша вакцинамен басқарылатын ауру болғандықтан адамдардың басым көпшілігі вакцина алған. Сол себепті карантинге жабылмайды, деп жауап берді Әзімова ОКҚ-да.
"2023 жылдың басынан бастап республикамызда қызылшаның 13 103 жағдайы тіркелді, оның ішінде 83% — 14 жасқа дейінгі балалар арасында, 2,9% — жасөспірімдер, 14,1% (1854) — ересектер. Қызылшаны жұқтыру жағдайлары барлық өңірде тіркелді. Шымкентте жоғары деңгей байқалды — 2 283, Алматы қаласында — 2 217 жағдай, Жамбыл — 1 605 жағдай, Алматы – 1215 жағдай және Атырау облыстары – 940 жағдай", — деді Нұршай Әзімбаева.