Monday 25th of November 2024 10:33:49 PM

Бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК-сы еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады.

Кәсіпорынның болжамына қарағана, Астанада 18 қыркүйек күні түнде және таңертең тұман түседі, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

18 қыркүйекте түнде Маңғыстау облысының басым бөлігінде, күндіз солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

18 қыркүйекте күндіз Түркістан облысының тау асуларында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. 18 қыркүйекте облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Шымкентте 18 қыркүйекте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Түркістанда де жоғары өрт қауіпі сақталады.

17 қыркүйек сағат 21.00-ден 18 қыркүйек сағат 21.00-ге дейін Өскемен, Риддер қалалары бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты екінші дәрежелі ескертуі жарияланады.

18 қыркүйекте күндіз Атырау облысының шығысында қатты жаңбыр жауады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз найзағай кезінде жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді.

Атырауда 18 қыркүйекте найзағай ойнайды.

18 қыркүйекте күндіз Ақтөбе облысының батысында, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

18 қыркүйекте түнде Павлодар облысының солтүстігінде тұман түседі.

18 қыркүйекте түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Оралда 18 қыркүйекте түнде және таңертең тұман түседі.

Түнде 18 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді.

18-20 қыркүйекте Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 18-20 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

18 қыркүйекте Ақмола облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Көкшетауда 18 қыркүйекте күндіз найзағай ойнайды.

18 қыркүйекте таңертең және күндіз Қостанай облысының батысында, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, найзай кезінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Қостанайда 18 қыркүйекте түнде және таңертең тұман түседі.

18 қыркүйекте Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

18 қыркүйекте күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, орталығында тұман түседі. 18 қыркүйекте облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағандыда 18 қыркүйекте түнде және таңертең тұман түседі.