Saturday 28th of September 2024 11:21:15 AM

Қазақстан бойынша теледидар мен радио өшіріледі

Оған себеп – осы жылдың бірінші тоқсанына жоспарланған жөндеу жұмыстары.

"Қазтелерадио" АҚ үздіксіз және сапалы телерадио хабарларын таратуды қамтамасыз ету мақсатында спутниктік, цифрлық және аналогтық жерүсті желілерінің техникалық құралдары бойынша қызметтерді тоқтатып, тоқсан сайын жоспарлы профилактикалық жұмыстарды жүргізеді. Осыған байланысты біз 24 қаңтарда сағат 3:00-ден 17:00-ге дейін (Астана уақыты бойынша) телерадио хабарларын таратуды тоқтатып, профилактикалық жұмыс жүргізілетінін мәлімдейміз", — деп хабарлады "Қазтелерадио" АҚ баспасөз қызметі.

Ұлттық оператор уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.

Сурет: unsplash