Friday 22nd of November 2024 05:39:14 AM

Қазақстанда қарыз алушылардың құқықтары қайта талқыланбақ


Қазақстанда қолда бар қарыздар бойынша мерзімі өткен несие болса жаңа тұтынушылық несие берілмейді, деп хабарлайды LS.

Мәжіліс депутаты Татьяна Савельеваның айтуынша, депутаттар "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне несие беру кезінде тәуекелдерді азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын жұмысқа алды.

"Заң жобасы азаматтарға жаңа тұтынушылық несие беруге тыйым салуды көздейді. 90 күн өткеннен кейін барлық қарыздар бойынша сыйақы есептеуге тыйым салу. Банктердің және микроқаржы ұйымдарының коллекторлық агенттіктерге азаматтардың несиелеріне сатуына шектеулер. Коллекторлық агенттіктерге сатып алынған берешекті реттеуді жүргізу міндетін енгізу. ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі нормаларына сәйкес тұтынушылық банктік қарыздың мерзімі, сомасы және өзге де шарттары бойынша шектеулер белгілеу. Кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларды жылыту маусымында жалғыз тұрғын үйден шығаруға тыйым салу", — деді ол.

Сонымен қатар, құжат банктерге өндіріп алу нәтижесінде қаржы құрылымының меншігіне өткен тұрғын үйді бұрынғы иесіне (қарыз алушыға) жалға беруге мүмкіндік береді, деп қосты депутат.

"Сондай-ақ, шотта төлем талабын қою кезінде кемінде екі ең төменгі күнкөріс деңгейі (106,1 мың теңге) мөлшерінде ақшаны сақтау туралы нормалар бар. Азаматтардың несиелері бойынша борышты оны алудан ерікті түрде бас тартқан кезде есептен шығару. Әскери қызмет кезеңіне мерзімді сарбаздар үшін сыйақысыз қарыздар бойынша міндетті кейінге қалдыруды енгізу. Бұдан басқа, заң жобасында жеке деректерді сату, абоненттің нөмірін ауыстыру және нөмірді басқа тұлғаларға заңсыз беру үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікті көздейтін нормалар бар", — деп нақтылады Савельева.

Депутаттар қолға алған заң жобасы бойынша Үкіметтің қорытындысы 2023 жылғы 12 қарашада шықты, деп түсіндірді ол.

"Бастамалардың көпшілігі қолдау тапты. Бірақ кейбір ұстанымдар бойынша, атап айтқанда, коллекторлық компанияларға қарыздарды сатуға тыйым салу бойынша Үкімет депутаттар келіспейтін және осы норманы енгізу жөніндегі жұмысты жалғастыратын балама ұсынылды. Аталмыш заң жобасы бойынша жұмыс тобы шеңберінде талқыланатын тағы да бірқатар маңызды мәселелер бар. Қаржы және бюджет комитеті заң жобасын қарап, сол бойынша қорытынды дайындауға әзір", — деп түйіндеді депутат.

Бұған дейін, қазақстандықтардың тұрғын үйге 5 трлн теңгеден астам қарыз алғаны хабарланған болатын. Бұл ретте ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде қарыз алушылардың борыштық жүктемесінің коэффициентін есептеуді өзгертуге бағытталған жоба әзірленген болатын.