Saturday 16th of November 2024 04:18:05 AM

"9-20-25" ипотекалық бағдарлама туралы толық ақпарат айтылды

Отбасы банкінің төрағасы Ләззат Ибрагимова 2024 жылы "9-20-25" жаңа ипотекалық бағдарламасына қатысу шарты әзірлетінін мәлімдеді.

Ол жаңа бағдарлама жас отбасыларға негізделетінін атап өтті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

"Соңғы уақытта жас отбасылар бізге жиі хабарласып, "Бір баламыз бар, өмірлік жолымызды енді бастап жатырмыз. Бірақ бізде баспана жоқ. Біз мемлекеттік қызметкер де, бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкері де емеспіз. Біз осы санат бойынша баспана кезегіне тұра алмаймыз", — дейді Ләззат Ибрагимова.

Оларды ескеріп және Қазақстанның 20 миллионыншы тұрғының дүниеге келуіне байланысты біз осы бағдарламаны (9-20-25 – автор) әзірлегіміз келеді. Оның ставкасы сәл жоғары болады. Өйткені, бағдарламаға қаржы нарықтан тартылады.

"(Бағдарламаның) барлық талабы мен барлық механизмі 2024 жылы нақты белгілі болады", — деді төраға Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.