Thursday 28th of November 2024 08:33:18 PM

"Намаз, намаз деп басқа ілімді ұмыттық": Танымал қоғам белсендісі хиджаб мен никаб мәселесін біржола шешу керектігін кесіп айтты

Белгілі қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан қоғамда өршіп тұрған хиджаб мәселесін біржола шешу керектігін ашып айтты.

Бұл ретте ол көршілес Өзбекстан елінен үлгі алу қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Қоғам белсендісі өз ойын желідегі ресми парақшасында мәлім етті.

"Өз басым бұндай киімге заңмен тыйым салу керек деп санаймын. Өзбекстан дұрыс жасаған екен, біз нені күтіп отырмыз? Мәселе дінде емес, мәселе қоғамдық қауіпсіздігінде. Қара жамылып кім келе жатыр кім біледі? Ойлары не?

Бұндай киіммен не ұшаққа, не поезге, басқа қоғамдық жерлерге жібермеу керек! Тіпті өзбектер сияқты айыппұл салу керек. Қазақстан — Сауди Арабия, Сирия, Ауғанстан емес, біз зайырлы мемлекетпіз! Бұны ешкім ұмытпауы тиіс!", — деп жазды ол.

Көпшілік қоғам белсендісін жаппай қолдаған. Олар:

"Дұрыс, қолдаймыз", "Осы парадж бен никаптың қыздардың басын дұғалап алатындай не сиқыры бар? Қазақ қыздары қазақша киінсе қандай жарасымды!", "Қара жамылған әйелдерді көрмедік. 1960-1983 жылдары(есімді білгеннен) нағашы әке-әжеміз болды, 80-90 ның ішінде. Ақ жаулығын орай тартатын әжелер. Көне суреттерді салып жатады, бастан аяқ қара жамылып, бетін бүркегендері жоқ", "Намаз, намаз деп басқа ілімді ұмыттық" деп пікірлерін білдірді желі қолданушылары.