Thursday 21st of November 2024 08:53:08 PM

Қазақстанда электрмобильдерді бажсыз әкелу мерзімі ұзартылды

Бұл туралы Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырыста айтылды.

Бішкекте өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында 30 мәселе қаралған.

Қазақстандықтар үшін маңызды келісімдердің бірі электрон қозғалтқышы бар автокөліктерді бажсыз әкелу мерзімін ұзарту болды.

"Азаматтарымыз үшін биыл электр қозғалтқышы бар жеңіл көліктерді бажсыз әкелу аяқталды, біз оны тағы екі жылға ұзарттық. Одақ бойынша жалпы квота 96 мың, оның ішінде Қазақстан үшін — 30 мың автокөлік бажсыз, салықсыз", — деді Жұманғарин.

Сурет: "Астана Моторс"