Monday 7th of October 2024 08:33:26 PM

«Жәутеңдеп жетім қалды»: Костенко шахтасында қаза болған тағы бір шахтер жайлы ел білмейтін дерек тарады

Қарағанды облысы Костенко шахтасында қаза болғандардың тағы бірінің жаназасы ертең шығарылмақ.

Асхат Сапарғалиевтің соңында екі баласы жетім қалған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Белгілі болғандай кеншіні ақтық сапарға шығарып салу рәсімі ертең сағат 10.00-де Қарағанды қаласындағы Бала қажы мешітінде өтпек. Ас Әбиба мейрамханасында өтеді.

Кенші шахтада кен жұмыскері болып қызмет еткен. Ол бұл жұмыста 6 жыл бойы қызмет еткен.

Өкініштісі шахтердің соңында екі баласы жетім қалған. Марқұм Асхат Сапарғалиевтің қызы 10 жаста болса, ұлы бар-жоғы 4 жаста қалған.

Қазақстандықтар қаза болған кеншілердің отбасыларына жаппай көңіл айтып, қайғыларына ортақ екенін жеткізуде.