Тарихшы Жақсылық Сәбитов қазақтың танымал тұлғалары жайлы деректерді айтып, айды аспанға бірақ шығарды. |
Айтуынша, әр тұлғаның тарихта өз орны болған, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа-порталы.
Бұл туралы ойын ол өз сұхбаттарының бірінде айтқан екен. Мәселен, 2021 жылдың 15 наурызында берген сұхбатында ол Қасым ханды айуан деп көрсеткен.
«Біз Қасым ханды ұлы тұлға деп көреміз, бірақ шындығында ол ешкіммен соғыспаған, ал Қазақ хандығының аумағы өздігінен ұлғайған. Ал егер оның саяси қызметін сараптайтын болсақ, ол саяси айуан болған, себебі ол билікте болу үшін, бәрін пайдаланған», — дейді тарихшы.
Ал тағы бір сұхбатында тарихшы Бекманов жайлы былай дейді:
«Бекмановты барлық атағынан айырып, алдымен Нарынқолға, кейін Шуға жіберген. Яғни, Жамбыл облысында отырған, бірақ КГБ-ны көндіріп, Мәскеуге барып, барлық атағын қайта қалпына келтірген, яғни бұдан оның өз мансабы үшін бәріне баратынын көруге болады», — дейді тарихшы.
Бір қызығы, тарихшы академик Сатпаев жайлы да елді дүр сілкіндіретін мәлімдеме жасады
«Бұл жерде бөліп-жару қиын. Бір жағынан жерлестік, кландық бөліну. Олардың барлығы баянауылдықтар. Ол жерде үш түрлі ру бар, бірақ бәрі Баянауылдан. Бір жағынан онда бәрі туыстар, бірі әкесі, бірі шешесі жағынан, енді бірі осы әулеттен қыз алған. Демек біз бұл жерден трайбализм, непотизммен жерлестікті көріп тұрмыз», — деп батыл мәлімдеме жасады тарихшы.