Wednesday 24th of September 2025 09:37:59 AM

Қала мен ауыл арасындағы цифрлық алшақтық азаюда

Ақтөбе облысындағы 12 ауылға 4G мобильді интернет қосылды.

2025 жылдың басынан бері Kcell компаниясы Ақтөбе облысындағы 12 ауылда 4G мобильді интернетті іске қосты. Бұл — 250+ жобасы аясында жүзеге асырылған ауқымды жұмыс. Аталған жоба халқы 250 адамнан асатын шағын елді мекендерді жоғары жылдамдықты мобильді байланыспен қамтуға бағытталған.

Жаңа 4G базалық станцияларының іске қосылуы ауыл тұрғындарына тек жылдам және тұрақты интернетке қол жеткізуді ғана емес, сонымен қатар телемедицина, онлайн-оқыту, электронды қызметтер мен кәсіпкерлікті дамытуға кең мүмкіндік береді.

« Kcell » АҚ басқарма төрағасы Асқар Жамбакин:

«250+ – бұл ауыл мен қала арасындағы цифрлық теңдікті қамтамасыз етуге бағытталған маңызды жоба. Біз үшін бұл – тұрғындардың өмір сапасын арттыруға арналған нақты әрі кешенді шешім», – деді.

Қазіргі таңда Kcell-дің 4G желісі Қазақстан халқының 80%-дан астамын, ал 5G желісі елдің шамамен 50%-ын қамтып отыр. Бұл көрсеткіштер желілік инфрақұрылымға салынған жүйелі инвестицияның нәтижесі екенін көрсетеді.

Ауылда орнатылған жаңа байланыс — тек байланыс құралы ғана емес, заманауи цифрлық өмір салтына ену мүмкіндігі. Қашықтан жұмыс істеу, онлайн-сауда жасау, мемлекеттік қызметтерді үйден шықпай пайдалану сынды мүмкіндіктер енді шалғай ауыл тұрғындарына да қолжетімді болып отыр.

Kcell іске асырып жатқан «250+» бағдарламасы – бұл әлеуметтік жауапкершілік пен технологиялық дамудың ұштасқан үлгісі. Ол байланыс инфрақұрылымын кеңейтіп қана қоймай, цифрлық теңсіздікті нақты түрде қысқартуға бағытталған.