Бұл туралы ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
"Пітір садақаның мөлшері еліміз бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ал ұнның бағасы ҚМДБ-ның қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды. Пітір садақасын құрма, мейіз бағасымен де беруге болады" — деп атап өтті Сансызбай Құрбанұлы.
Сондай-ақ, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы кәсіпкерлерге арнайы үндеу жасады.
"Осы ретте барша отандастарымды қасиетті айда жүзеге асатын "Рамазан қоржыны", "Рамазан сыйы", "Рамазан тәттісі", "Жомарт жұма" сынды қайырымдылық іс-шараларға үлес қосуға шақырамын. Кәсіпкерлерді әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасына мүмкіндігінше жеңілдік жасауға үндеймін. Рамазан айына тура келген құдайы астарды ауызашар уақытында өткізген абзал екенін айрықша атап өткіміз келеді", деді Бас мүфти.
Сурет: ҚМДБ баспасөз қызметі