Thursday 31st of October 2024 01:25:53 PM

Азия Даму Банкі Қазақстанға $350 млн несие мақұлдады


Қазақстан Азия Даму Банкінен (АДБ) түскен ақшаға қаржылық басқаруды реформалап, экономиканың сыртқы күйзелістерге тұрақтылығын арттырмақ, деп хабарлайды LS редакциясы банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстанның реформалары қаржы басқаруды, ашықтық пен тұрақтылықты, сондай-ақ, қаржы секторының тұрақтылығы мен инклюзивтілігін нығайту үшін шешуші мәнге ие. Осы салалардағы ілгерілеу қаржылық және банктік тұрақтылыққа ықпал етеді және ұлттық капитал нарықтарының дамуына көмектеседі. Біз бұл жаңа бағдарламаны – қазіргі жаһандық және өңірлік контексте ерекше өзекті болып табылатын реформалар арқылы елдің экономикалық тұрақтылығын арттыратын ҚР үшін алғашқы саяси кредитті бекітуге қуаныштымыз", -деп АДБ-ның Орталық және Батыс Азия бойынша бас директоры Евгений Жуков атап өтті.

Қаржы институтының мәліметінше, салық-бюджет басқармасы мен қаржы секторын реформалау бағдарламасы қарыздың тұрақтылығын қамтамасыз ете отырып, мемлекеттік инвестициялар процестерінде басшылық пен есептілікті нығайтуға бағытталған реформаларды қолдайды. Ол сондай-ақ, ашықтық пен сенімгерлік бақылауға жәрдемдесу үшін Ұлттық Қордың қаржылық реттеу жүйесін нығайтады.

Бұл бағдарлама гендерлік факторларды және әйелдер кәсіпкерлігін дамытуды ескере отырып, бюджеттеу арқылы әйелдерді қолдауға бағытталған.

"АДБ бағдарламаның негізгі реформаларын іске асыру үшін $650 мың көлемінде техникалық көмек грантын ұсынады. Азиялық инфрақұрылымдық инвестициялар банкі паралл $350 млн көлемінде қатар қаржыландыруды ұсынады деп күтілуде", – деп хабарлады банк.

Бұған дейін, қараша айында АДБ мен Азиялық инфрақұрылымдық инвестициялар банкі Қазақстанды бюджеттік басқару және қаржы секторын реформалау бағдарламасы аясында $700 миллион қаржыландыратыны белгілі болды.