Thursday 21st of November 2024 09:14:17 PM

Алаяқтықпен күресу мақсатында “Бір қолға - бір SIM-карта" жүйесін енгізетін болады

Қазақстанда ұялы нөмір жоспарын енгізу ұсынылды.

Бүгін мәжіліс отырысы барысында депутаттар елдегі алаяқтық жағдайларының жиілеп кету тақырыбын көтерді. Цифрландыру вице-министрі Асхат Оразбек ведомствоның SIM-карталарды бір қолға сатуды шектеу туралы ұсыныспен шығу ниеті туралы мәлімдеді.

"Қазір алаяқтар әлеуметтік желілерде жұмыс істейді. Негізінен WhatsApp-ты қолданады. Бірақ WhatsApp байланыс операторларын бұғаттай алмайды (...) Ұялы нөмірлер жоспарын мемлекетке қайтару үшін заңнамалық бастама көтереміз (...) Біз нөмірлік жоспарды мемлекетке қайтарамыз және азаматтар электрон үкімет порталында немесе eGov mobile қосымшасы арқылы ұялы телефон немес қалалық байланыс нөмірін алады. Сонымен қатар, бір адам алатын SIM-карталар санын шектейміз. Ал енді коммерциялық мақсатта SIM-карталарды бақылаусыз алатын заңды тұлғалар — олар әр нөмір үшін оны пайдалануын негіздеуі керек болады. Алдағы уақытта осындай бастамалармен сіздерге келеміз", — деді ресми өкіл.

Сурет: ашық дереккөздерден