Sunday 24th of November 2024 06:33:25 AM

"Көрсоқыр, надан, фанат, зомби": Танымал журналист мешітке барып, ораза ұстайтын оқушылардың масқарасын шығарды

Танымал журналист, қоғам белсендісі Сәуле Әбілдаханқызы мешітке барып, ораза ұстайтын мектеп оқушыларын қатаң сынның астына алды.

Айтуынша, бұлай жалғаса беретін болса, аз уақытта Ауғанстанға айналуымыз мүмкін, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл туралы ойын Сәуле Әбілдаханқызы өзінің Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді.

"Мектеп оқушыларына мешітке баруға, ораза ұстауға заңмен тыйым салу керек. Олардың міндеті — сабақ оқу!!! (Туған күнін кафеде яки үйде жасауға да тыйым салу керек. Сыныбында бір торт, бес сокпен атап өтсін, достары құттықтап, ақ тілегін арнасын, пажалыста, еш қарсылық жоқ...)

Бұрынғы бұрынғы ма, қазір бұрынғыдан асып түсетін болыпты. Ораза ұстап тақуа болуды сәнге айналдырған оқушылар енді "ауызашар жасаймыз" деп 4-5 мың теңгеден жинайды екен. Ол ақшаны, әрине, ата-аналарынан сұрайды. Кейбір ата-ана үшін 4-5 мың теңге деген түк емес щығар, ал кейбір ата-ана үшін ол ақшаны табу оңай емес. Әсіресе 4-5 бала бағып отырған, күйеуі ғана жұмыс істейтін әйелдер үшін, жалғызбасты аналар үшін әр теңге санаулы...

Оның соңы — анасының баласына сөйлеуі, баласының анасына өкпелеуі... ұрыс-керіс, өкпе-реніш... сонда ол балалардың оразасы қандай ораза, діні қандай дін? Ислам діні емес екені анық... тым болмаса, сол балаларға "ауызашарды кәмелет жасына толған адам өз маңдай терімен тапқан ақшаға жасау керек, садақа деген сондай болады, ата-анаңнан жырып алған ақшаға дастархан жасап бас қосу садақаға жатпайды, ауызашар да емес, жай ғана "бешір" деп айтатын ата-ана болмай тұр...

Сенің ұстаған оразаң, берген садақаң өзің үшін ғана... өзіңе, өзгеге зияны тисе, онда ол, керісінше, жақсы амал болып саналмайды...

Мектеп оқушылары осы бетімен кетсе, Ауғанстан болатын күн алыс емес...", — деп жазды ол.

Сонымен бірге, қоғам белсендісі аталған жазбаға қатысты пікір білдіргендерге де тұщымды жауап берді.

"Сабағын дұрыс оқыса, кітап оқыса, көкірек көзі ашылса, ілім-білім қуса, ол бала ешқашан жаман болмайды. Сонда ғана ол бала Құдайды таниды, табады, дінді түсінеді. Білімсіз дін — өзіне де, елге де жау. Көрсоқыр надан, фанат, зомби боп шығады" деп түсіндірді ол.