Sunday 24th of November 2024 01:26:23 PM

Алматыда полиция қызметкері есірткіге мас күйінде жол-көлік оқиғасын жасады

Алматыда полиция қызметкерінің есірткіге мас күйінде жол-көлік оқиғасын жасады деген ақпарат тарады. Осыған байланысты Алматы полиция департаменті түсініктеме берді.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Әлеуметтік желілерде Алматы полиция департаментінің аға жедел уәкілі, полиция майоры мас күйінде қызметтік автокөлікпен соқтығысып, жол апатын тудырғаны туралы ақпарат пайда болды. Сараптама барысында оның қанынан мефедрон табылды деген де ақпарат тарады.

Алматы полициясының баспасөз қызметі мас күйдегі қызметкердің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу басталғанын растады.

"Тәртіптік комиссияның шешімімен ол ішкі істер органындағы қызметінен босатылды. Бірқатар басшылар тәртіптік жазаға тартылды. Бұл жұмыс ІІМ бақылауында", — деп хабарлады Алматы полициясы.