Monday 25th of November 2024 11:42:29 AM

"Жүздері қандай жылы еді": Костенко шахтасында мәйіті кеше табылғандардың ең соңғы суреті тарады

Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында шейіт болғандардың кім екендері анықталып жатыр.

Күні кешеге дейін үміттерін үзбеген марқұмдардың туыстары желіде қаза болғандар жайлы жылы естеліктерімен бөлісуде, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Осылайша, желіде мәйіттері ең соңғы болып табылған кеншілердің соңғы суреттері тарады. Солардың бірі - Киселев Сергей Александрович болған. Марқұмның туыстары оны 35 жыл бойы Костенко ат. шахтада жұмыс істегенін айтады. Оның мәйіті кеше ең соңғы болып табылған екен.

Шахтада қаза тапқан тағы бір кенші — Кочмар Сергей Николаевич болған. Оған еңбек демалысына шығуға бірер күн қалған екен.

"Екі тәулік бойы біз күтіп, үміттендік. Бірақ, өкінішке орай, ол қайтып оралмады, оның денесі соңғылардың бірі болып табылды", дейді марқұм кеншінің туыстары.

Көпшілік қаза болған шахтерлердің отбасыларына көңіл айтып, бекем болуға шақырған.

"Жай ғана суреттерін көріп, жылап отырмын. Тіпті танымасам да, туыстарының жағдайы не болып жатыр екен?", "Жүздері қандай жылы еді, таза, адал еңбектерінің жемісін көре алмай кетті-ау бейбақтар", "Ауыр қаза, имандары саламат болсын", "Сол күні соңғы рет бұл жарық дүниені көргендерін білді ме екен? Қайран боздақтар-ай" деп жазды олар.