Актриса Лондонда білім алды.
Айгүл Иманбаева Англияда бір жыл тез өтіп кеткенін алға тартып, оқырмандарына алған дипломын көрсетіп мақтанды. Өнер иесі туған еліне оралса да, Англияны сағынатынын жеткізді. Сөзінше, бұл мемлекетте ол білімін шыңдап, өзіне дос тапқан.
"Мен Лондонға оқуға кеткеніме көзді ашып-жұмғанша бір жыл уақыт өтіпті. Елге қайтатын уақыт та келді. Иә, Англия елін сағынатын боламын. Себебі өремнің өрісін кеңейтіп, білімімді шыңдап, жақын дос, орта тауып, үлкен баға жетпес байлықпен келе жатырмын. Қазақ өнеріне де өз үлесімді қосып, өрелі, өнерлі, білімді шәкірт тәрбиелеп, өнерге осында алған біліміммен ары қарай жаңалық енгізсем деп келе жатырмын. Айтпағым сіздерден сүйіншілетіп, алған дипломымды көрестіп, қуанышымды бөлісейін дегенім еді. Білім іздеген жандарға еш уақытта кеш емес. Әлемнің есігі қай жаста да, кімге де болса ашық", — деп жазды Иманбаева Instagram-дағы парақшасында.
Сурет: ашық дереккөздерден