Sunday 24th of November 2024 05:40:02 PM

БҰҰ бітімгерлік миссияға барған әскери қаза тапса қанша ақша төлейді

Елдегі заң боййынша төлемнен бөлек БҰҰ 77 мың доллар береді.

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қорғаныс министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаменің бастығы Олжас Құсайынов бітімгерлікке барған әскери қайтыс болған жағдвйда қандай көмек көрсетілетінін айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап хабарлайды.

«Рота Голан биіктеріндегі миссияға жолданады. Ротаның саны – 139 адам. Бұдан бөлек 15 брондалған машина, 6 жүріп өту мүмкіндігі бар арнайы автомобиль, 4 камаз, 1 микроавтобус та бар. Техника БҰҰ ұсынымдары бойынша іріктеп алынды», — деді Құсайынов.

Оның айтуынша, заңнамаға сәйкес қаза тапқан әскери қызметшінің отбасы 60 айлық жалақы көлемінде ақша алады.

«Сонымен қатар 77 мың АҚШ долларын БҰҰ төлейді. Мүгедектікке немесе басқа да жарақат алуына байланысты, тиісті комиссия құрылып, солар айқындайды. 139 әскери қызметішінің ішінде 7 әйел азамат бар»,- деді ол.